9 және 11 қаңтар күндері Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің жалпы білім беретін орта мектебінде (адаптивті) мектеп мұғалімдері мен Ақтоғай ауданының 23 мектебінен қатысқан қонақтарға арналған білім берудің заманауи технологиялары бойынша
11-01-2017 05:55
9 және 11 қаңтар күндері Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің жалпы білім беретін орта мектебінде (адаптивті) мектеп мұғалімдері мен Ақтоғай ауданының 23 мектебінен қатысқан қонақтарға арналған білім берудің заманауи технологиялары бойынша

    9 және 11 қаңтар күндері Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің жалпы білім беретін орта мектебінде (адаптивті)мектеп мұғалімдері мен Ақтоғай ауданының 23 мектебінен қатысқан қонақтарға арналған білім берудің заманауи технологиялары бойынша үш күндік семинар өткізілді. 

   Мұндай кездесуді өткізудің басты мақсаты педагогтерді бүгінгі білім беруде пайдаланылатын  интеренет-сервистермен таныстыру еді:  Google-нің барлық тиімді құралдары: Google +, іздеу, карталар, күнтізбек, Google Disc, пошта, аудармашы, блоггер, презентация, контактілер, Youtube, Hangouts;  Wikipedia, Tedx және басқалар. Сонымен қатар тыңдаушылар    барлық жастағы балаларды оқытуға арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 18 000 астам сабақ салынған bilimland.kz  білім беру  платформасымен танысуға мүмкіндік алды. 

    Bilimland платформасының  мұғалімдер үшін оқу үдерісін ұйымдастыру барысында да, сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде де аса тиімді екені көрсетілді; әдістемелердің әр алуандығы мұғалімге оқыту үдерісін едәуір қызықты форматта жоспарлауға мүмкіндік бере отырып, оқу материалын жеңіл меңгеруге ықпалдасады;    оқу модульдерінде  иллюстративті материалдар көп, оның ішінде анимациялық роликтер, диаграммалар, кестелер, сызбалар, ойын түріндегі интербелсенді тапсырмалар.

     Семинарға  97 тыңдаушы қатысты: Ақтоғай ауданының түкпір-түкпірінен келген мұғалімдері және  «Альянс» Ресурстық орталығы атты инновациялық пилотты жоба болып табылатын айрықша білім беру мекемесі  Шашубай кентіндегі «Мектеп - балабақша кешені» базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ педагогтері.

     Семинар жағымды ахуалда өтті, ал ресурстардың алуан түрлілігі мен оларды қолданудың қарапайымдылығы тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Мұғалімдер өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар мен жауаптарды  Нартай Әшім және Сәрсенова Татьяна сынды (Bilim Media Group компаниясының өкілдері) кәсіби тренерлерден алды.

     Ұйымдастырушылардың пікірінше, кездесу  жемісті өтті, Шашубай кенті орта мектебінің оқытушылар құрамы, олардың оқытудағы инновациялық технологияларды қолдануға деген терең қызығушылығы мен жоғары кәсібилігі біздің де көңілімізден шықты.   Осындай тренингтен кейін біздің пайдаланушылар  порталымыздың ресурстарын максималды түрде қолданады деген үміттеміз және мұндай кездесулер практикасы әрі қарай өз жалғасын табады деп сенеміз.