«Бір аймақ-бір кітап» облыстық акциясы аясында өткізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпар
12-01-2017 06:04
«Бір аймақ-бір кітап» облыстық  акциясы  аясында өткізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпар

      «Бір аймақ-бір кітап» облыстық  акциясы 23 желтоқсан айынан 23 сәуір аралығында өтеді деп жоспарланған. Балқаш қалалық білім бөлімі акция бойынша ортақ жоспар құрып, барлық білім мекемелеріне таратқан болатын. Мектептердің бірінші қабаттарына хабарландырулар ілініп, сынып сағаттарында оқушылар таңдалып алынған шығармалармен таныстырылды. Білім мекемелерінің кітапханаларында акция барысында оқылатын кітаптардан көрме ұйымдастырылып, оқушылардың алып оқуына мүмкіндіктер жасалды.

         Әр сыныпта ата-аналар жиналыстары өткізіліп, бастауыш сыныптар Ы.Алтынсарин әңгімелерінің желісі бойынша 2 сынып – сурет салу, 3 сынып -  әңгімелерін мазмұндау, 4 сыныптарға сахналық қойылым қою белгіленіп берілді.

      5-7 сыныптарға Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесін оқуға тапсырма беріліп, белгіленген уақытта пікірталас өткізуге, 8-9 сыныптарға  Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін талдап, проза сағаттарын, әдеби-танымдық кештер, 10-11 сыныптармен Д.Исабековтың «ГауҺартас» повесін оқып, оқырмандар конференциясына қатысуға  ата-аналар мен сынып жетекшілер тарапынан қолдау көрсету сұралды.