Размер шрифта:
2017 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды коммерциялық колледжінде директордың оқу, оқу-өндірістік істері бойынша орынбасарлары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
13-01-2017 09:46
2017 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды коммерциялық колледжінде директордың оқу, оқу-өндірістік істері бойынша орынбасарлары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

        Отырыста аталған бағыттың маңызды сұрақтары бойынша баяндамалар тыңдалды.

       «Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі» директорының орынбасары Ишанкулова Райхан Мухановна «Стратегиялық жоспардың міндеті, менеджмент және басқару, білім беру және үлгерімді бағалау» тақырыбында баяндама жасады.

      Теміртау политехникалық колледжі директорының орынбасары Шагирова Гульдана Кашибдиновна «Студенттерді қабылдау. Білім беру стандарттары: тиімділік, үздіксіз мониторинг және мерзімді бағалау» тақырыбында баяндама ұсынды.

     Сонымен қатар ғылыми жұмыс, халықаралық тағылымдама төңірегінде сұрақтар қарастырылды.