Размер шрифта:
2014 жылдың 3 желтоқсан күні Қарағанды қаласының ЖББ ОМ №48 мектеп қабырғасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған психологиялық – педагогикалық коррекция кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
03-12-2014 09:29
2014 жылдың 3 желтоқсан күні Қарағанды қаласының ЖББ ОМ №48 мектеп қабырғасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған психологиялық – педагогикалық коррекция кабинетінің ашылу салтанаты өтті.

        2014 жылдың 3 желтоқсан күні Қарағанды қаласының ЖББ ОМ №48 мектеп қабырғасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған психологиялық – педагогикалық коррекция кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Н.К. Абдибеков, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы А.К. Аймагамбетов, ҚО ББД ОӘО инклюзивті білім беру зертханасының өкілдері, «Дара» және АҚ «ФНБ Самұрұқ Қазына» қорларының демеуші өкілдері қатысты. Орталық жылына дамуында түрлі ауытқулар бар 100 шақты балаларға мамандар тарапынан ақысыз, білікті және кешенді қызмет алуға мүмкіндік бере отырып, қызмет көрсететін болады. «Дара» қоры орталыққа қозғалыс - тірек қимыл аппараты бұзылған балаларды тасымалдау үшін мүгедектерге арналған көлік тарту етті. Коррекция кабинетінің ашылуын «Дара» қоры «Бәріміз бірдейміз – Кемсітуді білмейміз» Инклюзивті орта үшін!» жобасының негізінде жүзеге асырды.Жоба ҚР мүгедек адамдар мен инклюзивті ортаны дамытуға жағдай туғызу туралы мемлекеттік саясатына сай жүзеге асырылуда. Жобаның бас демеушісі АҚ ФНБ «Самұрұқ Қазына».