2017 жылдың 16 қаңтарында КТЛ №1 мектебінде «Робототехника сабағында Bioloid Premium Kit конструкторының артықшылығын пайдалану» тақырыпта робототехникадан шебер-сынып өтті.
16-01-2017 09:26
2017 жылдың 16 қаңтарында КТЛ №1 мектебінде «Робототехника сабағында Bioloid Premium Kit конструкторының артықшылығын пайдалану» тақырыпта робототехникадан шебер-сынып өтті.

      Оған Қарағанды қаласының мектептерінің сонымен қатар Ақжал, Сарань, қалалары мен Шет ауданының мектептерінің мұғалімдері қатысты. Шебер-сыныпты аталған мектептің информатика және робототехника мұғалімі Тлеукин Нурлан Ермекович  интербелсенді тақтаны қолдана отырып  Bioloid Premium Kit конструкторының артықшылығын пайдалану және қолдану керектігін өте тартымды да түсінікті етіп айтып өтті.

      Қатысушылар Нурлан Ермековичке сұрақтарын қарша жаудырды. Осы мектептің мұғалімдері Нурлан Ермековичке алғыстарын айтып, келешекте бұдан да үлкен табыстарға жете берулеріне тілектерін білдіріп, осындай шебер-сыныптар жиі болса екен деген ұсыныстарын айтып, робототехника туралы қызығушылықтарын  одан әрі арттырып, білім қорларын байытып қайтты.