Размер шрифта:
2017 жылдың 17 қаңтарында «Колледжде студенттік конструкторлық бюро құру мәселелері жөнінде» оқу семинары өтті.
17-01-2017 09:55
2017 жылдың 17 қаңтарында «Колледжде студенттік конструкторлық бюро құру мәселелері жөнінде» оқу семинары өтті.

     2017 жылдың 17 қаңтарында Қарағанды политехникалық колледжінде «Колледжде студенттік конструкторлық бюро құру мәселелері жөнінде» оқу семинары өтті.

     СКБ қызметкері, Қарағанды политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ковалева  А.А. төмендегі сұрақтарды қамтитын баяндама ұсынды:

1. СКБ құрудың негізгі мақсаты және міндеттері;

2. СКБ жұмыс жоспарын құру;

3. Жобаның қаржылық құнын анықтау;

4. Жобаны құру негізінде пайда болған мәселелерді шешу.

      СКБ қызметкері, Қарағанды политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Синельникова К.А, оқу – өндірістік шеберлері – Просоедова И.Н. және Резникова И.Д СКБ аясында орындалған макет және стенд үлгілерін ұсынды.

     Сонымен қатар оқу семинары аясында жұмыс бағыттары бойынша СКБ жұмыс жоспарын құру негізінде тренинг өткізілді.

     Семинарға 35 колледжден 50 оқытушы қатысты.