2017 жылдың 17 қаңтары күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп-интернаттары және қазақ-түрік лицейлерінің физика және математика пәндері мұғалімдерінің отырысы болып өтті.
2017 жылдың 17 қаңтары күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында мамандандырылған мектеп-интернаттары және қазақ-түрік лицейлерінің физика және математика пәндері мұғалімдерінің отырысы болып өтті. Өткізілген іс-шараның мақсаты мамандандырылған мектеп-интернаттары және қазақ-түрік лицейлерінің физика және математика пәндері мұғалімдерінің бірлескен жұмысын жандандыру үшін облыстық әдістемелік бірлестігін құру болып табылды. Отырыс барысында «Таным» жобасы аясында жүргізілген оқушыларды зерделеу жұмысының нәтижесі талқыланды. Отырыс жұмысына 12 физика пәнінің және 13 математика пәнінің мұғалімдері қатысты.