Размер шрифта:
2017 жылдың 18 қаңтарында«Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы тәжірибесін трансляциялау бағдарламасына кіретін білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған облыстық семинар өтті.
18-01-2017 08:25

    2017 жылдың 18 қаңтарында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымы тәжірибесін трансляциялау бағдарламасына кіретін білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған облыстық семинар өтті. 

    Семинардың мақсаты Қарағанды облысы білім беру ұйымдарының кітапханашыларын мектеп кітапханалары жұмыстарының заманауи үрдістерімен таныстыру болды.

    Семинар жұмысында «Эмодзи» идеограммасының графикалық тілі және «Fantasy Cards» өз ойын білдіру карталары арқылы қиял мен сюжетті қабылдау дағдыларын дамытуға, жылдам оқу арқылы ақыл-есті дамытуға, әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдарын кітапхананың жұмысы мен оқуды алға бастырудың құралы ретінде қолдануға бағытталған жұмыстың әртүрлі әдіс-тәсілдері пайдаланылды.