2017 жылдың 20 қаңтары Оқытушылар спартакиадасы
20-01-2017 11:37
2017 жылдың  20 қаңтары Оқытушылар спартакиадасы

      2017 жылдың  20 қаңтарында колледждің инженерлі-педагогикалық қызметкерлерінің арасында дене тәрбиесі оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің  аясында облыстық спартакиада өтті. Спартакиада қатысушылары спорттың 4 түрі бойынша (волейбол, үстел теннисі, шашки және дартс)  бақ сынады.

     Аталған шараға 14 колледждің 20 командасынан 70 тен аса оқытушы қатысты.

     Жүлделі орындарды командалар төмендегідей ретпен бөлісті:

Волейбол бойынша:

1 орын – Қарағанды политехникалық колледжі;

2 орын – А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі;

3 орын – Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» колледжі.

Теннис бойынша:

1 орын – Экономика, бизнес  және құқық колледжі ҚЭУҚ;

2 орын – Абай  көп салалы колледжі;

3 орын – Қарағанды политехникалық колледжі.

Дартс бойынша:

1 орын – Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» колледжі;

2 орын – А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі ;

3 орын – Қарағанды коммерциялық колледжі.

Шашки бойынша:

1 орын – Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» колледжі;

2 место – Шахтинск технологиялық колледжі ;

3 место – Қарағанды қ. медицина колледжі.

     X облыстық спартакиада Қарағанды маңызды білім беретін «Болашақ» колледжінің базасында өтті. Жоғарыда көрсетілген жеңімпаз командалар мақтау қағаздарымен, дипломдармен, кубоктармен марапатталды.