«Шекарасыз білім беру» жобасының IІ кезеңін жүзеге асыру барысында «Сандық білім беру және интернет ресурстарын физика сабағында қолдану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
20-01-2017 12:03
«Шекарасыз білім беру» жобасының IІ кезеңін жүзеге асыру барысында «Сандық білім беру және интернет ресурстарын физика сабағында қолдану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

      2017 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімдері үшін «Шекарасыз білім беру» жобасының IІ кезеңін жүзеге асыру барысында «Сандық білім беру және интернет ресурстарын физика сабағында қолдану» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға физика пәнінің мұғалімдері және аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Барлығы 30 адам қатысты.

      Семинардың бірінші бөлімінде Қарағанды облысы білім басқармасы басшысының кеңесшісі, проф. т.ғ.к.Контаев С.С. «Қашықтан оқыту контенті және ШЖМ жұмысын дамыту» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

      «Google applications for education сервистерімен танысу (білім беру үшін Google сервистері), «Физика пәнінен Веб квест білім беру технологиясын қолдану (жоғарғы сынып оқушылары үшін веб-квест технологиясын қолдану «Менің өлкемде альтернативті энергетиканы пайдалану мүмкіндіктері») тақырыптары бойынша Бұқаржырау ауданы Үштөбе ЖББОМ физика пәнінің мұғалімі Исмайлов Қ.Т. ақпарат берді.

      Семинардың екінші бөлімінде Google комнатасында тәжірибе алмасу мәселесі бойынша мұғалімдер практикалық жұмыс жасады. Мұғалімдер Google account сайтында құрылған физика пәні мұғалімдерінің қоғамдастығында вебинар өткізу мүмкіндіктерін қарастырып, практикалық дағдыларын жетілдірді.