Размер шрифта:
Балқаш қаласының №15 МГ базасында «Бейнелі карта» жобасы аясында «География пәні бойынша интерактивті ойындар мен викториналар» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
20-01-2017 09:27
Балқаш қаласының №15 МГ базасында «Бейнелі карта» жобасы аясында «География пәні бойынша интерактивті ойындар мен викториналар» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

       2017 жылдың 20 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Балқаш қаласының №15 МГ базасында «Бейнелі карта» жобасы аясында «География пәні бойынша интерактивті ойындар мен викториналар» тақырыбында облыстық семинар өткізді. «Бейнелі карта» жобасында Балқаш қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті жұмыстан тыс уақытта тәжірибеде базалық ептілік пен дағдыларды интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін тиімді жұмыстың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.  

        Балқаш қаласының жетекші мұғалімдері панорамалық сабақтар мен факультативтік курстар көрсетті:

     -   Саурикова Р.Х. - №1 ЖББОМ география пәні мұғалімі

     -   Жаксыгельдина Ш.Т.–Абай атындағы №2 МЛ география пәні мұғалімі

     -   Смирнова Н.Н.  - №17 ЖББОМ география пәні мұғалімі

     -   Мантаева Г.М. –№10 ЖББОМ география пәні мұғалімі.

      Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскері К.Айнабекова «Виртуалды көрме» көрсетті.

     Семинарға Теміртау, Қарағанды қалалары мен Шет, Ақтоғай, Бұқар жырау аудандарынан барлығы 46 мұғалім қатысты.