Размер шрифта:
2017 жылдың 27 қаңтарында «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатында «Қызықтыра оқыту» тақырыбында Ашық есік күні өтті
27-01-2017 11:21
2017 жылдың 27 қаңтарында «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернатында «Қызықтыра оқыту» тақырыбында Ашық есік күні өтті

     Ашық есік күніне мамандандырылған мектеп-интернаттардың, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Жезқазған, Сәтбаев қалаларының, Осакаров, Абай, Шет аудандарының инновациялық мектептерінің басшылары мен педагогтары қатысты.

    Жиналған қонақтар алдында  мектеп директоры Нурмаганбетова М.Т. сөз сөйледі. Одан кейін қатысушылар сабақтарға, сыныптан тыс шараларға қатысты. Педагогтар мен оқушылар қонақтарды робототехника және құрастыру зертханасы, жаратылыстану пәндерінің зертханасы жұмысымен, театр шеберханасымен, дебат клубы, хореография үйірмесінің жұмысымен таныстырды, ЮНЕСКО клубына мүше ретінде кіргені туралы, мектепте ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру, дамыту топтарының жұмысы туралы айтып берді.