«Балалар оқуындағы жаңа идеялар мен технологиялар» семинары (Шахтинск қаласының № 3, 6, 11 мектептерінің жұмыс тәжірибесінен)
27-01-2017 12:11
«Балалар оқуындағы жаңа идеялар мен технологиялар» семинары (Шахтинск қаласының № 3, 6, 11 мектептерінің жұмыс тәжірибесінен)

       Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 27 қаңтарында «Оқу шаттығы» жобасын жүзеге асыру аясында Шахтинск қаласының № 6 орта мектебінің базасында «Балалар оқуындағы жаңа идеялар мен технологиялар» тақырыбында семинар өткізілді.

       Семинардың мақсаты: «Оқу шаттығы» облыстық әлеуметтік-педагогикалық жобасын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу.

       № 3, 6, 11 мектептер 2015-2016 оқу жылынан бастап «Оқу шаттығы» оқу құзыреттілігін дамыту және қалыптастыру бойынша облыстық әлеуметтік-педагогикалық жобаның қатысушылары болды. Бұл мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен оқуға қызығушылығын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде.

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г. Мукашева құзыреттілікті барлық бағытта дамыту және қалыптастырудың өзектілігі туралы бөлісті және Шахтинск қаласы білім бөлімінің әдіскері С. Грачева қала мектептерінде жобаны жүзеге асыру барысы туралы баяндады. 

      Мектептерде балалар оқуын қолдау және көпшілікке тарату бойынша мектеп қоғамдастығы жұмыс атқарады (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар), сондай-ақ өзара оқыту, тәжірибе алмасу жүйелері орнатылған.  

     Семинар барысында қатысушылар ашық сабақтарға, сыныптан тыс жаттығуларға, ата-аналар жиналысына және шеберлік сыныптарға кірді, олар онда жоба бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру және оқытудың белсенді түрлерін қолдану тәсілдерін көре алды.

    Семинарға Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Ақтоғай, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандары мен Саран, Жезқазған, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Қарағанды қалаларының педагогтері қатысты.