Размер шрифта:
«Қосымша білім беру – тұлға мүддесіндегі білім» облыстық семинар-практикумы өтті.
27-01-2017 10:31
«Қосымша білім беру – тұлға мүддесіндегі білім» облыстық семинар-практикумы өтті.

      2017 жылдың 27 қаңтарында Шахтинск қаласының «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» КМҚК базасында балаларға қосымша білім беретін көпбейінді ұйымдардың (сарайлар, шығармашылық үйлер, орталықтар) қосымша білім беру педагогтерінің облыстық әдістемелік кабинеттерінің екінші кеңейтілген отырысы аясында «Қосымша білім беру – тұлға мүддесіндегі білім» облыстық семинар-практикумы өтті.

      Семинар жұмысына Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Приозерск, Саран, Сәтбаев, Шахтинск қалалары және Осакаров, Ұлытау аудандарының қосымша білім беретін көпбейінді ұйымдарының қосымша білім беру педагогтері мен әдіскерлері, бөлім меңгерушілері қатысты (21 адам қамтылды).