«ТжКБ жүйесінде инклюзивтік білім беруді дамытудың мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел
03-02-2017 09:56
«ТжКБ жүйесінде инклюзивтік білім беруді дамытудың мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел

        2017 жылдың 3 ақпанында Қарағанды технико-құрылыс колледжінде ТжКБ жүйесінде инклюзивтік білім беруді дамытудың мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

       Дөңгелек үстел жұмысы барысында аталған бағыттың маңызды мәселелері талқыланды. Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-дың оқытушысы Боброва В.В. «Ерекше назар аударуды қажет ететін тұлғаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан сүйемелдеу» тақырыбында баяндама ұсынды.

      Аталған колледж директорының орынбасарыЖұманбаева Құралай Асылбековна  Қарағанды технико-құрылыс колледжінде инклюзивтік білім беру жайлы кеңінен баяндады.

     Дөңгелек үстел жұмысына 20 колледжден директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-дың оқытушылары қатысты.