Размер шрифта:
«Ең үздік әдістемелік бірлестік» облыстық байқауының соңғы кезеңі өткізілді.
10-02-2017 06:05
«Ең үздік әдістемелік бірлестік» облыстық байқауының соңғы кезеңі өткізілді.

      2017 жылдың 10 ақпан күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік әдістемелік бірлестік» облыстық байқауының соңғы кезеңі өткізілді. Байқауға мамандандырылған мектеп интернаттардың жаратылыстану бағытының әдістемелік бірлестіктері қатысты.

       Байқау жеңімпаздары:

          №3 КТЛ – І дәрежелі диплом,

          Н. Нұрмақов атындағы ММИ – ІІ дәрежелі диплом,

           №1 КТЛ – ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

      Жамбыл атындағы ММИ әдістемелік бірлестігі «Ең үздік әдістемелік бірлестік портфолиосы» номинациясын, «Дарын» ММИ әдістемелік бірлестік жетекшісі Құралбаева Жұлдыз «Ең үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі» номинациясын жеңіп алды. Қалған қатысушыларға қатысқандары үшін сертификаттар табыс етілді.