2017 жылдың 15 ақпанда ММИ Дарын мектебінде «Кегельринг, сумо, сызық бойынша жүру – категорияларына байланысты білім беру іс-шарасы» тақырыпта робототехникадан шебер-сынып өтті.
Оған Қарағанды қаласының сонымен қатар Темиртау, Сарань, Шахтинск қалалары мен Шет, Абай аудандары мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Қатысушыларға сабақты аталған мектептің робототехника мұғалімі Аканов Алтай Бирликович пен информатика және робототехника мұғалімі Қасым Әсел Жаңғарбайқызы жүргізді.
Шебер-сыныпта жоғарыда аталған мұғалімдердің оқушылары кегельринг, сумо, сызық бойынша жүру– әр түрлі жарыстардың ерекшелігін және қандай алгоритмдер қолданғаны туралы айта отырып, спорттық робототехниканың мүмкіншілігін іс жүзінде көрсетті.
Алтай Бирликович жанып тұрған мұнара, (Arduino арқылы жұмыс істейтін бағдаршам) зияткерлік жолдар жобалары жұмыстарын қалай іске асырғандарын айтып, Arduino платасы төңірегінде өзінің қосқан үлесі туралы бөлісті.
Педагогтар оқушыларға алғыстарын айтып, келешекте табыстар мен жетістіктер тіледі.
Ұстаздар сабақтың ерекшелігі мен қызықтығы, робототехника ұғымын түсінуде әдістемелік көмектің керектігін және де осындай кездесулердің қажет екендігін атап өтті