Жалпы білім беру пәндерін оқытуда үштілділік элементтерін қолдануды жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдың 16 ақпанында Қарағанды гуманитарлық колледжінің базасында «Жалпы білім беру пәндерін оқытудағы үштілділік» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар жұмысы барысында Қарағанды гуманитарлық колледжінің оқытушысы Г.С. Есенбаева қатысушылар назарына «Информатика әлемі» тақырыбында интеллектуалдық ойын ұсынды. Сонымен қатар аталған колледж оқытушылары ашық сабақтар өткізді:
«Табиғи сұрыптау. Тіршілік үшін күрес» – Г.Ш. Амирова, биология пәнінің оқытушысы;
«MS Power Point» құрылымдық терезесі – Г.С. Есенбаева, информатика пәнінің оқытушысы.
Қарағанды гуманитарлық колледжі директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары К.З. Жакупова «Білім беру үрдісіне үш тілді білім беруді енгізу» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар жұмысына облыс колледждерінен 24 оқытушы қатысты.