2017 жылдың 17 ақпаны күні Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының базасында «Экономика барлығы үшін» облыстық жобасы аясында бизнес-идеялар Фестивалі өткізілді.
Бизнес-идеялар Фестивалі Қарағанды облысы мектептерінің оқушылары мен колледж студенттері қатысқан үш байқауды қамтыды. Фестивальдің негізгі мақсаты – экономика және бизнес саласындағы педагогтердің жетекшілігімен оқушылар мен студенттерді ғылыми шығармашылыққа және зерттеушілік жұмыстарға баулу.
«Мен бизнесменмін», «Менің бизнесім», «Миллионға тұратын идея» байқауларына барлығы 63 жоба қатысты. Оның ішінде 9 жоба - облыс колледждерінен, 5 жоба - мамандандырылған мектеп-интернаттарынан.
Фестивальдің әділқазылар алқасы мүшелерінің құрамына ҚарМУ экономика және халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары шақырылды. Фестивальдің жеңімпаздарын және қатысушыларын дайындаған мұғалімдер дипломдармен және мадақтамалармен марапатталды.