21.02.2017 ж. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Абай ауданының «Золушка» ясли бақшасы» КМҚК базасында «Сыртқы балабақша» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Кішкентай адамның ғаламат әлемі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді. Семинарға инновация бойынша 17 әдіскер және Абай ауданы балабақшаларының 13 әдіскері қатысты. Педагогтарға «Сыртқы балабақша» және «Баланың дамуы мен тәрбиесінде отбасының алатын орны» презентациялары көрсетілді.
«Сыртқы балабақшаға» келуші ата-аналар үшін М. Монтессоридің В. Воскобовичтің, Г. Доманның және Никитиндердің әдістемесімен таныстырған «Ерте дамудың заманауи әдістемелері» тақырыбында шеберлік сыныбы ұсынылды.
«Менде сұрақ туындады» тақырыбын талқылау барысында инновация бойынша әдіскерлермен «Сыртқы балабақша» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асырудың қиындықтары анықталды.
Семинардың екінші жартысында педагогтармен «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тренинг, сонымен қатар «Ақылды клуб» ерте даму шеберханасы өтті.
Семинар соңында рефлексия ретінде педагогтер өткізілген семинарға және «Сыртқы балабақша» жобасына қатысуына түрлі түсті қағаздардың көмегімен өздерінің қарым-қатынасын көрсеткен «Сыртқы балабақша» Галактикасын» құру ұсынылды.