Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бастамасымен 22. 02. 2017ж. күні Қарағанды қаласының № 92 гимназиясында «Бастауыш сыныпта жаңартылған білім мазмұнын және критериалды бағалауды іске асыру жолдары» атты облыс мектептерінің мұғалімдеріне арналған семинар болып өтті.
Семинар мақсаты: бастауыш сыныпта жаңартылған білім мазмұнын және критериалды іске асыру жолдары туралы іс - тәжірибе алмасу.
Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г. Мукашева және Қарағанды қаласының білім бөлімінің әдіскері Г. Оспанова өз ойларымен бөлісіп, әдістемелік тұрғыдан бағыт - бағдар берді.
Бастауыш сынып мұғалімдері А. М. Акмагамбетова, Н. Р. Хамзина, А.Т. Каймолла «Жаңартылған білім мазмұнын іске асыру жолдары» тақырыбында коучинг, шеберлік ашық сабақтар беріп, іс-тәжірибе алмасты.
Жаңартылған білім мазмұныны бойынша критериалды бағалаудың технологиялық картасы туралы жұмыстар жүргізіліп, қатысушылар өзара пікір алмасып, өз тәжірибелерін ортаға салды. Туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, шешілді.
Семинарға Абай, Бұқаржырау, Осакаров, Ақтоғай, Нұра, Ұлытау, Шет, Жаңаарқа аудандары мен Саран, Жезқазған, Сатпаев, Приозерск, Теміртау, Балқаш, Қарағанды, Шахтинск аудандарының бастауыш сынып мұғалімдері аймақтық және мектеп үйлестірушілері қатысты.