«ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ» СЕМИНАРЫ
2017 жылдың 23 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың Жол картасын жүзеге асыру бойынша 2016-2019 жылдарға арналған іс-шаралар шеңберінде, Абай ауданының «№1 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ базасында «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында инклюзивті білім беру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, Абай ауданының стажер алаңдары мен магниттік мектептерінің педагогтері, сонымен қатар Шахтинск, Саран, Теміртау қалаларының стажер алаңдарының педагогтері қатысты.