Ақпараттық-талдау қызметі

26.11.2012

Ақпараттық-талдау қызметі мыналарды қамтиды:

 

1.                      Ақпаратты тетіктенген және автоматтандырылған өңдеу, ғылыми-зерттеу сипаттағы есептерді шешу үшін есептеп шығару техникасы, қатынас және байланысу құралдары жүйесін құру, қызмет көрсету, дамыту және ақпараттық қамтамасыз ету.

2.                      Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы бөлімдерінің тапсырыстарына, жақтас ұйымдар үшін жұмыстарды орындау шарттарына және ақпараттық-талдау бөлімінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес, ақпаратты өңдеу мен есептеп шығару жұмыстарын өткізудің жоспарлары мен кестесін әзірлеу.

3.                      Электронды-есептеп шығару жабдығының негізгі құрамын, оның негіздемесін таңдау, ақпаратты жинаудың түрлері мен әдістерін анықтау, ұйымның тиісті бөлімдерімен есептеп шығару техникасы құралдарымен ақпаратты өңдеудің есептері мен технологиялық үрдістері бойынша ақпаратты өңдеудің технологиялық үлгісін келісуді және әзірлеуді қамтамасыз ету.

4.                      Ақпараттың келіп түсу барысын, есептерді шығарудың кестесі мен уақыт тәртібін сақтауды және белгіленген мерзімде жұмыстын орындалуын, жұмыстың орындалу сапасын бақылау.

5.                      Ақпараттық-талдау бөлімі мен ақпараттық қызмет көрсетудің техникалық базасын жаңарту, басқарудың ақпараттық-есептеп шығару жүйесін дамытудың бірыңғай технологиясын іске асыру шеңберінде заманауи әдістер мен ақпаратты өңдеу құралдарын енгізу.

6.                      Ұйымның осы заманғы ақпараттық технологиялармен қызмет көрсету және басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық қызмет көрсетудің нарығын талдау және үйрену.

7.                      Деректер базасы мен оған қол жеткізу тетіктерінің құрылымын жобалауды, жүйе деректерімен жұмыстың уақыт тәртібін әзірлеу мен қамтамасыз етуді, ақпараттық-талдау жүйесін функцияландыруды қамтамасыз ету үшін ақпараттың мүмкін қайнар көздерін үйренуді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету айқындамасына сәйкес жүйені қорғауды қамтамасыз етуді жоспарлауды басшылыққа алады.

8.                      Ұйымның ақпараттық-есептеп шығару жүйесін құру мен дамыту үшін бағдарламалы-аппараттық құралдарды, әдістемелік базаны пайдалануға ұйымның нормативтері мен стандарттарын әзірлеу және дамытуында, сонымен қатар еңбек тиімділігін арттыру мақсатында есептеп шығару техникасы құралдарын енгізу бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын әзірлеуде қатысу. 

9.                      Жергілікті есептеп шығару желілері мен қатынас жабдықтарының аппараттық, есептеп шығару құралдарының техникалық қызмет көрсетуі, есептеп шығару құралдарын, құрал-сайман және қолданбалы бағдарламалы құралдарды жүйелі бағдарламалы қамтамасыз етуді сүйемелдеу.

10.                  Алдын-алу жұмыстарын өткізу, есептеп шығару техника құралдарын пайдалану кезінде туындаушы ақауларды жою.

11.                  Стандартты бағдарламалардың кітапханасын сақтау және қызмет көрсету, машиналы тасушыларды сақтау мен пайдалану ережелерін қадағалау, олардың жарамсыз жағдайларында дер кезінде ауыстырылуын бақылау. 

12.                  Қолданбалы бағдарламалы қосымшаларды пайдаланушыларды, қолданбалы бағдарламалы қосымшаларды пайдаланушыларды үздіксіз оқытудың автоматтандырылған жүйесін жобалау мен әзірлеуге, ұйым жұмыскерлерін үздіксіз оқытудың автоматтандырылған жүйесін жобалау мен әзірлеуге үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

13.                  Белгіленген есеп беруді құру.