02.10.2013
«Ізденіс»
газетінде жарияланатын мақалаларға қойылатын талап
1. Мақала мәтіні газеттің тақырыптық айдарларларының мазмұнына сәйкес берілуі тиіс. (айдар атауы көрсетіледі).
2. Мақалалар 2 тілде: қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
3. Мақала электронды және қағазға басылған түрде (мәтін: қағаз форматы А4, шрифт Times New Roman, кегль 14, бет өлшемдері: сол жақ шеті – 3 см., оң жақ – 1,5 см., жоғарғы және төменгі шеті – 2 см., жоларалық интервал – 1.). Өте көлемді мақала 17000 белгіден 5-6 бет (әріптер арасындағы бос орындармен қосып санағанда), баспаға берілуге ең қолайлы көлем 5000-5500 белгіден аспауы қажет.
4. Мақаланың төменгі жағында автор жайлы мәліметтер (қазақ және орыс тілдерінде мақала мәтіні қай тілде жазылуына байланысты), автордың Т.А.Ә., лауазымы, ғылыми атағы, жұмыс орнының толық атауы, пошта мекен-жайы және электронды пошта атауы және байланыс телефондары міндетті түрде көрсетіледі.
5. Таблица және графикалық материалдар мақала мәтініне сай орналасады. Сонымен қатар мәтіндегі сызба, таблица және басқа да графикалық материалдардың бөлек файл, яғни,
( диаграммалар мен графиктер Microsoft Excel форматында) ретінде берілуі талап етіледі.
6. Қағазға басылған мәтінде мақала авторының, бірнеше автор болса, барлығының қолы қойылуы тиіс.
7. Суреттер мен фотоматериалдар мәтіннен бөлек электронды түрде, JPEG, Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Corel Draw, Adobe InDesign форматында қабылданады. Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint, OpenOffice нұсқасында берілген фотоматериалдар қабылданбайды.
8. Редакция қабылданған материалдарды мүмкіндігінше авторлық стильді сақтай отырып өңдеу құқығына ие.
9. Редакция аталған талаптарға сай келмейтін материалдарды себебін түсіндірусіз қабыл алмайды. Қолжазбаларға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.
10. Материалдар редакцияға мына мекен-жайға беріледі: Қарағанды қ., С.Сейфуллин к-сі., 8/2 үй., 318 каб. немесе электронды поштаға жіберіледі:umc-rio-karaganda@mail.ru. Редакцияның байланыс телефоны: 8 (721)250 25 12;





umc-ro@umckrg.gov.kz

