02.10.2013
1. «Ізденіс»газетінің негізгі айдарлары:
• «НОВОСТИ»; «ЖАҢАЛЫҚТАР»: Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы жаңалықтар;
• «ОРТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ»-«НОВОСТИ УМЦ»: Оқу-әдістемелік орталық жаңалықтары;
• «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ»-«ДОШКОЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ»: балабақшада өткізілген іс-шаралар жайлы жаңалықтар, мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті мәселелері, балабақшада тәрбие берудің жаңа әдістері: артықшылықтары мен кемшіліктері және т.б.;
• «МЕКТЕП ЖАҢАЛЫҚТАРЫ» - «ШКОЛЬНЫЕ НОВОСТИ»: мектеп өмірінен жаңалықтар, жаңа білім беру технологияларының тиімділігі, заманауи мектептің өзекті проблемалары, орта мектептегі тәрбие жұмысы, орта мектепте сабақ беру әдістемесі мен технологиялары, «Мұғалім» мамандығы жайлы ой-толғанысжәне т.б.;
• ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ: заманауи мектепті тиімді басқару әдістері, өзекті проблемалар мен жетістіктер, мектеп ұжымымен жұмыс істеу, өкілеттілік беружәне т.б.;
• «ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ»: колледж және кәсіптік лицейлер жаңалықтары, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері және жолдары, тиімді әдістер мен кемшіліктерді саралау және т.б.;
• «МЕКТЕП ПСИХОЛОГІ»-«ШКОЛЬНЫЙ ПСИХОЛОГ»: мектеп және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі психологтің іс-тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелердің көтерілуі, балалардың оқыту процесіне бейімделуіне және осы кезеңдегі проблемаларды шешуге байланысты психологтің нақты ұсыныстары мен әдістері және т.б.;
Қосымша айдарлар:
• «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ»: білім берудің баршаға ашықтығы, мүмкіндігі шектеулі балалардың заманауи білім алу проблемалары мен инклюзивті білім беру саласын дамыту мәселелері және т.б.;
• «БІРЫҢҒАЙ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ» - «ЕНТ»: БҰТ-ға дайындықтың тиімді әдістері мен негізгі мәселелері, БҰТ-ға дайындықтың психологиялық аспектілері, БҰТ-ға дайындық тестілерін апробациялау және т.б.;
• «ШАҒЫН ЖИНАҚТАЛҒАН МЕКТЕП»-«МАЛОКОМПЛЕКТНЫЕ ШКОЛЫ»: ШЖМ проблемалары, ресурстық орталықтар, шағын мектептердегі өзекті мәселелерді шешу жолдары және ұсыныстар, т.б.;
• «ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ»-«ДОПОЛНИТЕЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ»: балаларға арналған қосымша білім беру орталықтары, үйірмелер , секциялар жайлы мәліметтер, олардың жұмысы, даму жағдайы, проблемалары мен жетістіктері жайында және т.б.;
• «ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ ТАНЫ»-«ПОЗНАЙ СЕБЯ»: өзін-өзі танудың жаратылыстану және гуманитарлы бағыттарымен ұштасуы. Мен кіммін? Қайдан келдім? Не үшін өмір сүремін? деген сұрақтарға жауап іздеу. Рухани тәрбиені дамыту жолдары. Пікір бөлісуге шақырамыз;
• «ШЕБЕРЛІК СЫНЫП»-«МАСТЕР-КЛАСС»: мектеп мұғалімі жеке іс-тәжірибесі, тиімді ұсыныстар мен пікірлер және т.б.;
• «САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ»-«ЗДОРОВЫЙ ОБРАЗ ЖИЗНИ»: салауатты өмір салтын ұстану принциптері мен жолдары, балаларды салауатты өмір салтына бейімдеу және т.б.;
• «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕ»-«МИР ЛИТЕРАТУРЫ»: әдістемелік құралдар мен мектеп оқулықтарына шолу, бала бойында кітап оқуға деген сүйіспеншілік пен бейімді қалыптастыру және т.б.; • «ТАРИХ БЕТТЕРІНЕН»-«СТРАНИЦЫ ИСТОРИИ» - қала, аймақ және ел тарихынан қызықты мәліметтер, фактілер, облыс білім беру ардагерлері мен білім беру мекемелерінің құрылу тарихынан мағлұматтар және т.б.;
• «АЙТАРЫМ БАР»-«ХОЧУ СКАЗАТЬ»: газет оқырмандарының тілегі, ой-пікірлері, ұсыныстары мен сұрақтары;
• «ҚЫЗЫҚТЫ МАҒЛҰМАТТАР»-«ЭТО ИНТЕРЕСНО» - жалпы дүниежүзілік білім беру кеңістігінен қызықты мағлұматтар жене т.с.с.;
• «ХОЧУ СКАЗАТЬ»:мнение и вопросы читателей;
«Ізденіс» газеті редакция алқасы