Облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды семинары
2014 жылдың 28-мамыр күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қорытынды семинары ұйымдастырылып өтті. Бірлестіккемүше56 колледжден 30 адам қатысты. Семинар-отырыс жұмысының ашылуында директорының орынбасары Д.С. Асакаева сөз алып, қатысушыларға облыстық әдістемелік бірлестік жұмысының маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қатысушылардың орталық әдіскерлерін шақырту арқылы тақырыптық немесе ұйымдастырушылық жұмыстар бойынша колледж ұжымымен семинар, тренингтер өткізудің қаржылық мәселелері туралы сұрақтарына жауап берді. Семинарда қарастырылған бірінші сұрақ 07.02.2014ж. күні өткен алдыңғы отырыстың шешіміне арналды. «Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының жұмысын сараптау. Оқу-тәрбие жұмысының сызба-сараптамасы. 2013-2014 оқу жылындағы тәрбие ісі жөніндегі есептердің түрлері мен мерзімдері» мәселелері бойынша облыстық бірлестік төрайымы Г.А. Кнашина баяндама жасады. Орталық әдіскері Т.В. Любчанская талқыға салған келесі мәселе «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын білім беру процесіне енгізу. Семинардың тағы бір сұрағы 2014-2015 оқу жылына ОӘБ жұмысы перспективті жоспарының міндеттері мен тақырыптарын анықтау болды.
Семинар барысында баспадан шығарылған колледждегі тәрбие жұмысын жүйелеуге арналған тәрбие жұмысы бойынша мониторингтер назарға ұсынылды. Сонымен бірге, оқушылар арасындағы суицидті жүріс-тұрыстың алдын алу, білім беру ұйымдарында суицидті жүріс-тұрыс анықталған жағдайда олармен жұмыс жасайтын мамандарға бағыттаудың нормативті-құқықтық құжаттармен реттелмеуі туралы сұрақтар үнемі қойылды. Бірнеше колледждерде әлі күнге дейін әлеуметтік педагог жоқ, педагог-психологтардың еңбек өтілі 1-2 жыл немесе одан да аз және кәсіби арнайы дайындықтың, тәжірибенің жетіспеушілігінен қойылатын талаптарға жауап бере алмайды. Отырыстың қатысушылары Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығына және Білім басқармасына, аталған мәселелердің шешіміне қолдау көрсетуді сұрады; прокуратура және Балалар құқықтарын қорғау комитеті мамандарының қазіргі кездегі көкейкесті мәселе суицидті жүріс-тұрыстың алдын алу бойынша түсіндірме-анықтама беруін өтінді.
Әр түрлі сұрақтар бойынша колледж педагогтарының аттестатталуы – комиссия құрамына ТжКББ жүйесіндегі мамандарды қосуға ұсыныс жасалып, бірауыздан қолдау тапты.
Білім беруді дамытудың
оқу-әдістемелік орталығы әдіскері
Ж.Д. Нұржан





umc-ro@umckrg.gov.kz

