Қарағанды облысында білім беру үдерістерін автоматтандыру үшін Қарағанды облысының мектептері «Білімал. Электрондық журнал» жүйесінде жұмыс жасайды.
Электрондық сынып журналы:
- мемлекеттік нормативтік құжат, оны жүргізу әр пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері үшін міндетті;
- «Білімал. Электронды мектеп» автоматтандырылған басқару жүйесінің (АБЖ) бір бөлігі болып табылады.
Электрондық журналды пайдаланушылар: білім беру органдарының өкілдері, білім беру ұйымының әкімшілігі, білім беру ұйымының оқытушылары, оқушылар мен ата-аналар (қол жеткізу құқықтарын саралау санаттарына сәйкес қол жетімділік құқықтары бар).
Электрондық журнал келесі міндеттерді шешу үшін қолданылады:
- оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы мәліметтерді сақтау;
- мәліметтер базасында сақталған, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес құжат түрінде тіркеу үшін ақпараттарды қорытындылау;
- мұғалімдер мен әкімшіліктің мерзімді есептерін құруды автоматтандыру;
- ата-аналарға балаларының үлгерімі туралы уақытылы хабарлау;
- ата-аналар мен оқушыларға үй тапсырмасы туралы және әртүрлі пәндер бойынша бағдарламаларды орындау туралы ақпарат беру;
- үлгерім проценсін есепке алу мен бақылауды автоматтандыру;
- жеке оқушылардың және жалпы сыныптың үлгерімін болжау;
- үлгерім және сабаққа қатысу туралы ақпарат негізінде әр түрлі жиынтық есептерді қалыптастыру;
- қашықтықтан оқыту форматына көшуге байланысты, электронды журнал жүргізуден басқа, жүйеде синхронды және асинхронды оқыту форматында оқыту және кезекші сыныптарды оқыту мүмкіндігі іске асырылды.