«Үздік тарихшы – 2021» облыстық байқауы

Жыл сайын облыстық «Үздік тарихшы» байқауын өткізу дәстүрге айналды.  Конкурсты Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы пандемия жағдайында төртінші рет онлайн-режимде өткізеді.

Биыл «Үздік тарихшы – 2021» байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтуде.

Бүгінде Қазақстан-тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Тәуелсіздік жылдарында білім беру жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар әзірленді. Сапалы білім-кез келген прогрестің негізі. Сондықтан елдің табысы мен гүлденуі мұғалімнің үйлесімді жұмысына тікелей  байланысты. Мұғалімдер өз жұмыстарына көп күш жұмсайды, біраз уақыттан кейін бұл күш-жігер оқушылардың алғысымен  өтеледі, олар кейіннен алған білімдерімен  биік  мақсаттарына жетеді.Бірақ мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруы қажет. 

«Үздік тарихшы - 2021» байқауы тарих пәні мұғалімдерінің инновациялық оқыту тәжірибесін анықтау және бағалау мақсатында өткізіледі.

Байқаудың бірінші кезеңіне Қарағанды облысы жалпы орта білім беру мектептерінің тарих пәні мұғалімдерінен қалалар мен аудандар деңгейінде іріктеуден өткен 23 өтініш түсті. Облыстық іріктеу кезеңіне  тарих пәнінің 7 мұғалімі қатысты.

Мұғалімдердің жұмысын қазылар алқасы бағалады.

Қазылар алқасының төрағасы: Абдикерова Бакиткул Химальдиновна, Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры.

Бейсенбекова Нурсахан Ахметовна, тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің археология және этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті. 

Темірханова Лазат Асқарқызы, Қарағанды облысы педагогтер қауымдастығының төрағасы.

Копбаева Гульмира Сабитовна, Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Тапенова Айнұр Сағатқызы, Қарағанды облысының тарих мұғалімдерінің төрағас.

 «Үздік тарихшы - 2021» облыстық байқауының қорытындысы бойынша облыстың келесі мұғалімдері марапатталды.

Гран При 

1. Бөлтірік Шынболат Талқанбайұлы, Сәтбаев қаласы, «№1 мектеп-гимназиясы» КММ.

I орын

1.Мясников Евгений Александрович, Саран қаласы, «№17 мектеп-гимназиясы» КММ.

II орын

1. Даулетхан Нагила,  Бұқаржырау ауданы, «Т.Бигелдинов атындағы ЖББОМ» КММ.

2. Рыспекова Жадыра Жанибековна,  Жаңаарқа ауданы, «А.Сейдімбеков атындағы ЖББОМ»  КММ.

III орын

1. Саней Алмагуль, Абай ауданы,  « №15 орта мектеп» КММ.

2. Kaзенова Әсем Нуриденовна,  Шахтинск қаласы, «Ә.Бөкейханов атындағы  мектеп-гимназиясы» КММ.

3. Головина Светлана Алексеевна, Осакаров ауданы, Молодежный к., «№26 ЖББОМ» КММ.

 

 

МАТЕРИАЛЫ ДЛЯ СКАЧИВАНИЯ

«Үздік тарихшы – 2021» облыстық байқау ережесі

«Үздік тарихшы - 2021» байқауының қорытындысы