Аты-жөнi: Жақанова Жұпар Рысқұлқызы
Ұйым атауы: Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы
Құттықтау мәтіні:
Құрметті Гүлсім Шабданқызы!
Сізді және Сіз басқарып отырған ұжымды Білімнің қара шаңырағы – Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының құрылғанына 5 жыл толған торқалы тоймен құттықтаймыз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» дей келе, егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында», - деп атап көрсеткен болатын.
Қарағанды облысы – әлемдік білім кеңістігіне қол созған, еліміздің білім жүйесінде елеулі орны бар өңір. Сіздер еліміздің қазыналы өңірі – Қарағандының білім бәсекесінен лайықты орын алуы жолында аянбай тер төгіп, еселі еңбектеріңізбен үлес қосып жатырсыздар.
Құрметті Гүлсім Шабданқызы!
Сіз басқарып отырған мекеме қандай да болмасын мақтауға лайықты. СіздерТәуелсіз Қазақстанның болашағы – жас ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздардың ұстазысыздар. Облыс ұстаздарына сара жол нұсқап, кәсіби білікті маман болып қалыптасуына тер төгу арқылы жарқын болашақты, кемел келешекті айқын қамтамасыз етуге қосар үлестеріңіз мол. Бесжылдық белесте шыққан биік, алған атақтарыңыз баянды болсын.
Облысымыздың білім саласының гүлдену жолындағы жасампаз еңбектеріңізге әрдайым табыс тілейміз. Отбастарыңызда сүйіспеншілік пен ізгілік нұр шашсын, балаларыңыз денсаулықтарымен және табыстарымен қуанта берсін, ал, бақытты сәттер Сіздерге мерекелі күндерде де және күнделікті өмірде де әрдайым серік болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Құрметпен, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы
Добавлен:
2017-12-15 05:35:49