Аты-жөнi: Туякова Айгул Турсыновна
Ұйым атауы: КГКП ясли-сад №15 "Акку"города Караганды
Құттықтау мәтіні:
Құрметті Гульсум Шабдановна! Және оқу әдістемелік орталығының ұжымы!Сіздердің 5 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Адам өміріндегі әр мерекенің орны бөлек.Сондықтан осындай мереке арқылы патриоттық сезімдерін көтеріп,дархан мейірімдеріңізбен Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы кеңдігімен құшағын кеңейтіп келеді.
Әрбір жетістіктеріңізді бағалай отырып,оның сақталуына өз тараптарыңыздан ықпал етіп келесіздер.Мақтанышпен әр салиқалы саясаты және осы жердегі ұлағатты сөздер,өңіріңіздегі берекелі істер өздеріңіз арқылы қаламыздағы әрбір ұстаздарға жеткізіліп отыр.
Қашанда қиындығы мен қызығы қатар жүретін, бұл өмірдің бұлттарысы көп,бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандықтарыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп,басшысы лауазымында қалтықсыз қызмет атқарып келесіз.Өзіңіз басқарып отырған ұжымға және де Сізді
үлкенге ілтипатты апай,
кішіге қамкор апай,
қатарластарына адал дос бола білген
ізгі жүректі азамат ретінде,
еңбекте беделді маман,
абыройлы жетекшісі ретінде,
қаталдығы мен әділдігі жарасқан
білікті басшы ретінде
үлгі тұтамыз.
Тәңірдің шексіз қолдауын әрқашанда ұжымыңызға тілейміз!
Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай,әлі де талай асулардан аса беріңіздер!
Добавлен:
2017-12-13 09:30:14