Форум
Тема: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Название темы
Жанааркинский район, ответ для Сәуле
ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жанааркинский район, ответ для Сәуле,
2016-01-27 09:47:06
Балаларға дәрілік емдеулер емдік және денешынықтыру жаттығулары жүреді. ата-аналармен балалармен біріктіру әдістері арқылы жұмыстар жүргізеді.
Жанааркинский район, Сәуле
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жанааркинский район, Сәуле,
2016-01-27 09:44:28
Балабақшада мүмкіндігі шектеулі балаларға қандай көмектер көрсетуге болады?
Жанааркинский район, ответ для Аягоз
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жанааркинский район, ответ для Аягоз,
2016-01-27 09:40:26
Баланың қандай да бір өнерге деген қызығушылығын тәрбиеші анықтап алады. яғни тәбиеші мен ата-ана тығыз қарым-қатынаста болу керек.
Жанааркинский район, Аягоз
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жанааркинский район, Аягоз,
2016-01-27 09:37:49
Баламның өнерге деген қызығушылығын арттыру яғни бойындағы қабілетін ашуға (би, ән, көркем сөз) не істеу керек?
Жанааркинский район, ответ для Дарига
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жанааркинский район, ответ для Дарига,
2016-01-27 09:33:20
Бір қатар ата-аналар баласын жөнге салу үшін оларды әлікүнге дейін ұрады, оларға ұрсады, әртүрлі тиымдар салады. ата-ана тарапынан бір нәрсеге ұрқсат бермеу шектеу қою өкпелеу, сөйлеспеу қоюда жаза түрлеріне жатады. Негізінде жазалаудың тәрбиелік ықпалы болатың да жақтары баршылық. Мысалы, Сіз балаңыздың жеңіл-желпі бұзықтығына мән бермей, кешіре салсаңыз,ол өзінің осындай іс-әрекеттерінің елеусіз, жазалаусыз қалатынына сеніп, оны қайталай беретін болады. Сонан женіл-желпі бұзақылық үлкен тентектікке де ұласады. Алайда есте болатын бір жағдай, баланы үнемі қатал тәрбиелеп, оның әрбір әрекетіне жөнсіз ескерту жасай бермеңіз. мұндай бала жасқаншақ болып өседі. Және де орынсыз айтылған сын-ескертулер баланың өзін-өзі бағалауын өзіне деген сені
Жанааркинский район, Дарига
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жанааркинский район, Дарига,
2016-01-27 09:20:57
Баланы жазалаған дұрыс па?
Жанааркинский район, ответ для Шолпан
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жанааркинский район, ответ для Шолпан,
2016-01-27 09:19:14
Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтармен ойнамайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке өзі отырып үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ. Балабақшаға келген алғашқы күндері бала екі сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
Жанааркинский район, Шолпан
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жанааркинский район, Шолпан,
2016-01-27 09:11:14
Баланың балабақшаға бейімделу кезеңін қалай өткеруге болады?
Жанааркинский район, ответ для Асель
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жанааркинский район, ответ для Асель,
2016-01-27 09:08:29
Отбасындағы жақын адамдармен бала махаббат, достық, жауапкершілік, әділді сезімдерін бірге сезінеді. Ата-анасының махаббатын толық алмаған бала көбінесе мейірімсіз, ашушаң, басқа адамның сезімдеріне жаны ашымайтын, ұжымға сыймайтын, кейде-өте тұйық, өте ұйялшақ болып өседі. Ал шексіз махаббат еркелету, құрметтеуді көріп өскен бала кішкентай адам өзінің өзімшілік пен мен-мендікке, ерке-шолжабдыққа, екіжүзділікке қалыптаса бастайды. Бала тәрбиесі ата-ана үшін күделі де жауапты міндет. Ата-аналар балаларының тәртібіне, көңіл күйлеріне назар аударып оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.
Жанааркинский район, Асель
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жанааркинский район, Асель,
2016-01-27 08:59:41
Отбасылық тәрбие қалай бала дамуына әсер береді?

бiрiншiсi 1 396 397 398 399 400 504 соңғысы

Ответить на тему: "ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ"