Форум
Тема: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Название темы
Алия Южный кенті
ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Алия Южный кенті,
2015-05-22 06:11:18
Балабақшадағы тамақ менің баламның талғамына сәйкес келмейді. Өзімен бірге печенье немесе жемістерін ала келсе бола ма? (Южный кенті) Сұрақ қойған: Алия
Алия Южный кенті
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Алия Южный кенті,
2015-05-22 06:11:15
Балабақшадағы тамақ менің баламның талғамына сәйкес келмейді. Өзімен бірге печенье немесе жемістерін ала келсе бола ма? (Южный кенті) Сұрақ қойған: Алия
Армангүл. А.Б. Абай қаласы.
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Армангүл. А.Б. Абай қаласы.,
2015-05-22 05:48:58
Жанардың сұрағына жауап: Балаңызды балабақшадан ата-әжесі алуға болмайды. Тәрбиешілердің баланы ата-әжесіне бермеуге толық құқығы бар. Ол үшін, сіз алдын ала жазбаша түрде балабақша директоры атына, балаңызды ата-әжесіне сенетініңізді, өзіңіз келмеген жағдайда олардың алуына рұқсат беретініңізді жазып, оны растатуыңыз қажет. Содан кейін барып қана балаңызды ата-әжесінің алуына рұқсат беріледі.
Армангүл. А.Б. Абай қаласы.
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Армангүл. А.Б. Абай қаласы.,
2015-05-22 05:45:31
Жанардың сұрағына жауап: Балаңызды балабақшадан ата-әжесі алуға болмайды. Тәрбиешілердің баланы ата-әжесіне бермеуге толық құқығы бар. Ол үшін, сіз алдан ала жазбаша түрде балабақша директры атына, балаңызды ата-әжесіне сенетініңізді, өзіңіз келмеген жағдайда олардың алуына рұқсат беретініңізді жазып, оны растатуыңыз қажет. Содан кейін барып қана балаңызды ата-әжесінің алуына рұқсат беріледі.
Гульзахан. С.Р. Жартас кенті.
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Гульзахан. С.Р. Жартас кенті.,
2015-05-22 05:41:27
Динараның сұрағына жауап: Балаңыз балабақшаға барудан бас тартса, алдымен онымен ашық сөйлесуге тырысып, себебін анықтаңыз. Егер бұл әрекетіңізден ештеңе шықпаса, балабақшаға барып тәрбиешілерімен сөйлесіп, балабақша психологының көмегіне жүгініңіз.
Сарқыт.А.О. Мичурин селосы.
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Сарқыт.А.О. Мичурин селосы.,
2015-05-22 05:36:15
Сараның сұрағына жауап: Балаңыздың бойындағы өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту үшін, оған үнемі өздігінен киіну, шешіну, киімдерін шкафқа дұрыс, ұқыпты жинау, аяқ киімді орнына қою тәртібін түсіндіріп, өзіне орындатып, өзінің сыртқы түріндегі кейбір олқылықтарды байқауға, жөндей білуге үйретіп, сонымен қатар үйде міндетті түрде өз төсегін өзі жинауын, ойыншықтары мен кітаптарын орнына қоюын, өсімдіктерді суаруын, дастархан мәзірін дайындауға көмектесулерін талап етіп, қадағалап отырған дұрыс.
Гүлжанат. С.Б. Абай қаласы.
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Гүлжанат. С.Б. Абай қаласы.,
2015-05-22 05:29:24
Тамараның сұрағына жауап: Жалпы, балабақшада оқу жылының басында, ортасында, соңында барлық топ балаларының жас ерекшеліктеріне байланысты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен бағдарлама талаптарын меңгерулері қандай деңгейде екендігін анықтау, салыстыру, талдау мақсатында диагностика жүргізіледі. Сонымен қатар бөбекжай психологы тарапынан да, баланың зейіні, ынтасы, қиялы сияқты қабілеттерін анықтауға байланысты суретті тестер6 cауалнамалар алынып, зерттеледі. Осы жоғарыда айтылған диагностика мен психологиялық зерттеулер қорытындысына сүйеніп, баланың даму деңгейі анықталып, салыстырылып, талданып отырады.
Қамажай Т.А. Қарабас кенті.
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Қамажай Т.А. Қарабас кенті.,
2015-05-22 05:24:54
Дидардың сұрағына жауап: Баланы балабақшаға қабылдаған кезде тапсыратын құжаттар тізімдемесі төмендегідей:  Тұрғылықты жердегі әкімшілік жолдамасы:  Туу туалы куәліктің көшірмесі;  Медициналық кітапшасы;  Мекен-жай анықтамасы;  Ата-аналарының жұмыс орнынан анықтама қағазы;  Баланы балабақшаға қабылдау туралы ата-ананың балабақша директоры атына жазған өтініші;
Сая. М.М. с.Құлайғыр.
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Сая. М.М. с.Құлайғыр.,
2015-05-22 05:20:09
Ботагөздің сұрағына жауап: Баланы жан-жақты дамытуда оны дұрыс, сауатты сөйлеуге үйрету маңызды рөл атқарады. Мектеп жасына дейінгі балалар, үлкендердің айтқанын, істегенін қайталайды. Сондықтан балаңыз дұрыс сөйлесін десеңіз, өзіңіздің сөйлеу мәдениетіңізді қадағалаңыз. Баламен жиі сөйлесіп, оның сұрақтарына дұрыс, толық жауап беруге тырысыңыз. Бұл оның сөздік қорын молайтып, тілін дамытады. Баламен бірге тақпақ, өлең жаттап, ондағы жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп, естерінде сақтауын қадағалаңыз. Баладан естіген ертегі мазмұнын, көрген мультфильмін әңгімелеп беруді өтініңіз. Осындай жүйелі жұмыс түрлері баланың дұрыс сөйлеуін, сөздік қорын, тілін дамытады.
Cветлана Андреевна Абайский район
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Cветлана Андреевна Абайский район,
2015-05-22 05:17:07
Ответ для Сауле. Видимо да, это такая адаптация, тяжеловатая. Ребенку нужно столько же вашего тепла и внимания как и раньше, но теперь большую половину дня он ее не получает от вас и стремится наверстать ее вечером, просиживая у вас на руках, капризничая, заставляя тем самым брать его на руки, ну или уж хотя бы обращать внимание. Уделяйте больше внимания телесному контакту вечерами, совместным играм, носите на ручках и т.д., чтобы "компенсировать" свое отсутствие днем, со временем ребенок научится спокойно переживать разлуку и сад и ему уже не нужна будет такая гиперподдержка. По поводу сна, чтобы уснуть должно быть все спокойно и комфортно, у взрослых же также, когда что-то не ладится - вертишься, крутишься, уснуть не можешь, и у ребенка т

бiрiншiсi 1 453 454 455 456 457 504 соңғысы

Ответить на тему: "ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ"