Форум
Тема: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Название темы
Жаңаарқа ауданы; Гульданаға жауап
ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жаңаарқа ауданы; Гульданаға жауап,
2016-05-06 11:08:39
Мектепке дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге баулу кезінде тақпақ, өлең, мақал-мәтелдер жаттату үшін мнемотехника тәсілдері тиімді құрал ретінде қызмет етеді. Мнемотехнка- қосымша ұғым қалыптастыру жолымен есте сақтауды жеңілдететін және есте сақтау қабілетін ұлғайтатын әртүрлі тәсілдер жүйесі. Мнемокестені пайдалану - баланы жан-жақты дамытуға көмектеседі - ассоциативтік ойлау, байланыстыра сөйлеу, көру және есту қабілеттерін дамыту, зейін қою, қарапайым математикалық түсінік, ұсақ моторика.
Жаңаарқа
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Жаңаарқа,
2016-05-06 10:58:38
Гульсараның сұрағына жауап. Ойын балалар үшін оқуда, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қаілетін қалыптастырады. Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсер пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады. Бала ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы нормамен әрекетті қабылдайды. Тілдің дамуына да,ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды, т.б. үйренеді. Ойын арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға жеңіл әрі тартымды, түсінікті болады. Ойын арқыл
Нургалиева Балжан
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Нургалиева Балжан,
2016-05-06 10:22:08
Ответ для Ланы из Темиртау. Музыкальный руководитель не обязан заниматься вашим ребенком дополнительно, так как у него есть свои часы, которые он отрабатывает.Кроме того есть и другие дети, которыми также надо заниматься. А развить в дальнейшем способности вашего ребенка в вашей компетентности и в ваших руках.
Ответ для Арман Жанааркинский район
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Ответ для Арман Жанааркинский район,
2016-05-06 08:42:50
Баланы жақсы көңілмен балабақшадан алыңыз. Баладан балабақшада күні бойы немен айналысқанын әңгімелеп беруін сұраңыз. Балаңызды мадақтаңыз. Таза ауада біраз қыдырыңыз. Үйге келгеннен кейін бір ойын ойнаңыз, бала басты рөлде болсын.
Ответ для Жадыра Жанааркинский район
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Ответ для Жадыра Жанааркинский район,
2016-05-06 08:33:55
Бұндай жағдайда тәрбиеші баланың жаңадан келгенін ескерту керек, ол балабақша ережесін әлі білмейді, сонымен қатар оның қобалжып жүргенін ұмытпау керек.
Ответ для Райхан Жанааркинский район
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Ответ для Райхан Жанааркинский район,
2016-05-06 08:26:01
Ең алдымен бұл әрекетті қолдамау керек. Басқа балаға жарақат әкелетінін түсіндіру керек. Қандай жағдайда бала тістеу әрекетіне баратынын анықтау керек. Психологтың көмегіне жүгіну керек.
Ответ для Зәуре Жанааркинский район
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Ответ для Зәуре Жанааркинский район,
2016-05-06 06:32:33
Балабақшаның талаптары, бала денсаулығына зиян келтірмейді, мүмкін талаптың орындалу бала үшін қиын болып көрінер, бірақ бала ертеден қалыптасса тез есейіп, ер жетуіне септігі көп тиетіні анық.
Аманкуль, г.Жезказган, я/с №5
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Аманкуль, г.Жезказган, я/с №5,
2016-05-06 06:07:43
Жауап Жанатқа: Ия, балалар ағылшын тіліне сүйсіне қатысады. оларға ағылшын тілі өте қызықты. тілдері жақсы келеді. Тақпақтар жаттайды
Ответ для Дариға Жанааркинский район
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Ответ для Дариға Жанааркинский район,
2016-05-06 06:07:19
Балалар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас жасау үшін оларға жақсы мүмкіндік жасау керек, басқа балалар ойнайтын жерге апару керек. Бұл ойын алаңдары, ойын бөлмелері болуы мүмкін. Балалар көп үйге барып солармен ойнату керек. Бала әр-түрлі адамдармен қарым-қатынас жасау, соғұрлым балаға балабақшаға басқа балалармен тіл табысуы оңай болады.
Ответ для Раушан Жанааркинский район
RE: ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ
Ответ для Раушан Жанааркинский район,
2016-05-06 05:58:41
Сіз оған қуаныңыз, себебі жанындағыларды өзіне қаратып жинай алады, және де билік жүргізуге бейім басшы бола алады.

первая 1 348 349 350 351 352 504 последняя

Ответить на тему: "ШКОЛА МОЛОДОГО РОДИТЕЛЯ"