Размер шрифта:
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
28-02-2017 11:38
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

     2017  жылдың  27-28  ақпанында Қарағанды  қаласы  №27  ЖББОМ КММ инклюзивті  білім  берудің  Ресурстық  орталығының  базасында  «Бастауыш мектепте  сараланған  білім  беру  ортасының  мазмұнын жобалау» тақырыбында  семинар - практикум  өткізілді.

     Семинар жұмысына Қарағанды облысының тағылымгерлік алаңдарының бастауыш  сынып  мұғалімдері  қатысты.

     Семинар  барысында  Ресурстық  орталықтың  сараланған  білім  беру ортасының  үлгісі  және  білім  алуда  ерекше  қажеттіліктері  бар  балалардың  психологиялық – педагогикалық  ерекшеліктерін  ескере отырып,  оларды  білім  беру  үдерісіне  енгізудің  алгоритмі  көрсетілді.