ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
2017 жылдың 27-28 ақпанында Қарағанды қаласы №27 ЖББОМ КММ инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығының базасында «Бастауыш мектепте сараланған білім беру ортасының мазмұнын жобалау» тақырыбында семинар - практикум өткізілді.
Семинар жұмысына Қарағанды облысының тағылымгерлік алаңдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында Ресурстық орталықтың сараланған білім беру ортасының үлгісі және білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды білім беру үдерісіне енгізудің алгоритмі көрсетілді.