2017 жылдың 01 наурызында мектепке дейінгі ұйымдардың «Мектепке дейінгі білім беру сапасы: жаңартылған білім беру мазмұнын жүзеге асыру жағдайындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында V онлайн ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
01-03-2017 12:09

     Ғылыми-практикалық конференцияға қатысушы мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерін құттықтау сөзімен конференцияны білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Кожахметова Гульсум Шабдановна ашты.

     Конференция барысында Қарағанды облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы өзекті мәселелер қаралды.Барлық оқылған жұмыстар өзінің өзектілігімен, қызықтырушылығымен ерекшеленді.

     Балаларды ерте жастан дамыту, «Мәңгілік ел» идеясы аясында патриоттық тәрбие беру, «Жас оқырман» әлеуметтік – педагогикалық серіктестіктің рөлі, , психологиялық қызметтегі иннавациялық әдіс, оқу-тәрбие қызметіне «Роботтық техника» жобасын енгізу және мектепке дейінгі ұйымдағы үштілділік тақырыбында сұрақтар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

     Пленарлық отырыс іскерлік, кәсіби деңгейде өткендігін атап өтуге болады.

    Конференция жұмысына 300-ден астам мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатысты.

    Педагогтар конференция жұмысының жоғары деңгейде өткендігін, бұл жұмыстардың қажет және өзекті екендігі айтылды.Облысымыздың мектепке дейінгі ұйым педагогтары конференция жұмысына қатыса отырып, белгілі жұмыс тәжірибесін ала алды.