«Worldskills Kazakhstan 2017»
02-03-2017 10:36
«Worldskills Kazakhstan 2017»

    2017 жылдың 2 наурызында  Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінің базасында жұмысшы мамандықтарының дәрежесін арттыру мақсатында «Дәнекерлеу технологиясы» бағыты бойынша Worldskills аймақтық чемпионаты өтті.

      Конкурсқа Қарағанды облысының 20 колледжінен 20 студент қатысты. Олардың алдында өте жауапты іс тұрды, алайда барлық қатысушылар берілген тапсырмаларды абыроймен атқарып шықты. Конкурс қатысушылары 4 модуль бойынша сынақтан өтті.

1 модуль – Электродтар құрыштарын жазықтықта қолмен дәнекерлеу;

2 модуль – Электродтар құрыштарын тік жазықтықта қолмен дәнекерлеу;

3 модуль – Электродтардың жіктерін бұрыштық жазықтықта қолмен дәнекерлеу;

4 модуль – Жартылай автоматтық дәнекерлеу.

         Конкурстың негізгі бағалау өлшемдері: арнайы киімдердің және аяқкиімдердің, көзді қорғайтын құралдардың болуы; жұмыс үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуы, технологиялық үрдіс кезінде еңбек қауіпсіздігін сақтау, дәнекерлеу ісін жүзеге асыру барысында сапа және бақылауға назар аудару.

        Конкурс қорытындысы бойынша 20 үміткердің  үшеуі жеңіске лайық деп танылды.Олар:

1 орын -  Горн Александр, Халық қаһарманы Р. Қошқарбаев атындағы Балхаш техникалық колледжі;

2 орын -  Ысқақов Ануар, Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі;

3 орын - Кинстлер Иван, Қарағанды агротехникалық колледжі;