Размер шрифта:
«Дизайн және киімдерді үлгілеу» құзіреттілігі бойынша Worldskills аймақтық чемпионаты
03-03-2017 03:32
«Дизайн және киімдерді үлгілеу» құзіреттілігі бойынша  Worldskills аймақтық чемпионаты

      Жұмысшы мамандықтарын насихаттау және  студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында  2017 жылдың 1 наурызында Worldskills өңіраралық чемпионаты өз жұмысын бастады.

      Қарағанды технология және сервис колледжінде 1-3 наурыз аралығында аталған байқаудың «Дизайн және киімдерді үлгілеу» құзіреттілігі бойынша сайысы өткізілді. Конкурсқа 5 колледжден 8 студент қатысты. Сонымен қатар аталған байқауға Қарағанды облысы білім басқармасының өкілдері және әлеуметтік серіктестер қатысты.

     Конкурс басталмас бұрын бас сарапшы жұмыс шарттары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында жиналыс өткізді.

   Әр студент 5 модуль бойынша сынақтан өтті:

Модуль А – әйелдер бешпентін тігу;

Модуль В –  әйел адамға арналған көйлектің әзірлемесі;

Модуль С – күлтелі матамен әсемделген  бұйымдар әзірлемесі;

Модуль D –  «қара жәшік»;

Модуль Е – эскиздеу.

         Модульдер бірізді түрде орындалды. Модульдің барлық тапсырмалары конкурс біткен уақытта бағаланып отырды. Конкурс тапсырмаларының мазмұнына тігін бұйымдарын жобалау және дайындау міндеттері енген.

         Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі түрде бөлінді:

1 орын – Хасенова Мақпал, Қарағанды технология және сервис колледжі;

2 орын – Қасымова Мадина, «Сервис» колледжі;

3 орын – Аммас Екатерина, Қарағанды сән колледжі.