Жұмысшы мамандықтарын насихаттау және студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіру мақсатында 2017 жылдың 1 наурызында Worldskills өңіраралық чемпионаты өз жұмысын бастады.
Қарағанды технология және сервис колледжінде 1-3 наурыз аралығында аталған байқаудың «Дизайн және киімдерді үлгілеу» құзіреттілігі бойынша сайысы өткізілді. Конкурсқа 5 колледжден 8 студент қатысты. Сонымен қатар аталған байқауға Қарағанды облысы білім басқармасының өкілдері және әлеуметтік серіктестер қатысты.
Конкурс басталмас бұрын бас сарапшы жұмыс шарттары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында жиналыс өткізді.
Әр студент 5 модуль бойынша сынақтан өтті:
Модуль А – әйелдер бешпентін тігу;
Модуль В – әйел адамға арналған көйлектің әзірлемесі;
Модуль С – күлтелі матамен әсемделген бұйымдар әзірлемесі;
Модуль D – «қара жәшік»;
Модуль Е – эскиздеу.
Модульдер бірізді түрде орындалды. Модульдің барлық тапсырмалары конкурс біткен уақытта бағаланып отырды. Конкурс тапсырмаларының мазмұнына тігін бұйымдарын жобалау және дайындау міндеттері енген.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі түрде бөлінді:
1 орын – Хасенова Мақпал, Қарағанды технология және сервис колледжі;
2 орын – Қасымова Мадина, «Сервис» колледжі;
3 орын – Аммас Екатерина, Қарағанды сән колледжі.