2014 жылдың 10 желтоқсанында«Балалар үйлерінің жұмысында инновациялық жобалардың дамуы, жүзеге асырылуы және әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында балалар үйлерінің директорларына арналған семинар-кеңес өткізілді. Семинар барысында шығармашылық зертхана жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі негізгі мәселелер қарастырылды:
1. Ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларды отбасына демеу көрсететін «Қолдау» тәжірибелік жобасы мысалында, асырап алушы ата – аналар мектебінің дамуы арқылы отбасына орналастыруға көмектесу.
2. Тәрбиеленушілерге қосымша білім беруді ұйымдастыру арқылы, оларды әлеуметтендірудің шарты ретінде, жергілікті қоғамда азаматтық ынта – ықыласты дамыту.
3. Әр жетімдер үйіне өзіне тән әлеуметтік мәні бар жобаларды енгізу арқылы, жетімдер үйінде жобалық жұмыстарды ұйымдастыру.
Белсенді пікір таласта балалар үйі жұмысының инновациялық жобалардың келешегі мен оны жүзеге асырудың жолдары талқыланып, анықталды.