2017 жылдың 17 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Шахтинск қаласының №7 ЖББОМ базасында «Бейнелі карта» жобасы аясында «География сабақтарында оқу жұмысының интерактивті құралдары» тақырыбында облыстық семинар ө
17-03-2017 11:40

      2017 жылдың 17 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Шахтинск қаласының №7 ЖББОМ базасында «Бейнелі карта» жобасы аясында «География сабақтарында оқу жұмысының интерактивті құралдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді. «Бейнелі карта» жобасында Шахтинск қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті сабақ үрдісінде және сабақтан тыс уақытта тәжірибеде базалық ептілік пен дағдыларды интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін тиімді жұмыстың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

      Шахтинск қаласының жетекші мұғалімдері панорамалық сабақ көрсетті:

- Борискина О.Н., №6 ЖББОМ география пәнінің мұғалімі

- Хайрат Перизат, №5 гимназияның география пәнінің мұғалімі

- Ямщикова Т.В., №3 ЖББОМ география пәнінің мұғалімі

Тренинг және коучинг арқылы жұмыс тәжірибесімен бөлісті:

- Былинская С.А., №7 ЖББОМ география пәнінің мұғалімі

- Фризен О.С.,№8 ЖББОМ география пәнінің мұғалімі

    Семинарға Теміртау, Қарағанды, Саран, Шахтинск қалалары мен Абай, Бұқаржырау аудандарынан барлығы 38 мұғалім қатысты.