2017 жылдың 30 наурыз күні Қарағанды облысы ББД ОӘО базасында, облыстың шағын жинақы мектептер мен тірек мектептерінің (РО) жаңа оқу мазмұнына көшуге байланысты қызметтерін ұйымдастыруды жетілдіру барысында әдістемелік көмек көрсету мақсатында, тірек мектептерінің (РО) директорлары және ШЖМ мәселелеріне байланысты аудандық білім бөлімінің мамандары арасында жиын ұйымдастырылды.
Негізгі қаралған сұрақтар:
- Магниттік мектептермен бірлесе атқарылған сессия аралық жұмыстар.
- Тірек мектептері (РО) базасында өткізілген қысқы оқу сессиясының өткізілуі кезінде туындаған мәселелер және оның шешу жолдары бойынша талдау.
- 2016-2017 оқу жылындағы мектептің даму стратегиясының жүзеге асырылуы.
Қарағанды облысы базасындағы ББД ОӘО жиынға 34 адам қатысты.