05 сәуір 2017 жылы Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Сәтбаев қаласының №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасында «Үштұғырлы тіл – заман талабы» тақырыбында семинар -практикум өткізілді. Семинарға 35 - тен аса педагогтар облыс балабақшаларынан: Шахтинск, Жезқазған, Сәтбаев, Приозерск, Балқаш және Жаңарқа, Осакаровка, Ұлытау, Бұқар- жырау, Ақтоғай аудандарынан қатысты.
Презентацияда үштілді оқу – тәрбие үрдісінде, ата – аналармен жұмыста, тәрбиешілермен, педагог - мамандар жұмысы барысында енгізу ұсынылды. Балабақша тәрбиешілері және мамандары қоршаған ортамен таныстыру, экология негізінен үштілде ұйымдастырылған оқу қызметін және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде театрландырылған қойылым көрсетті. Күннің екінші жартысында семинарда «Мен әлемде, әлем менімен» психологиялық тренинг және тіл мамандарының тәжірибемен бөлісу шебер - сыныбы өткізілді.
Семинар қорытындысында қонақтар ой- пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстар енгізілді.