Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Шет ауданы Ж. Ақылбаев мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бургакова К. А.«Математика әлеміне саяхат» тақырыбынаонлайн сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың меңгерген математикалық білімдерін қайталау, пысықтау, бекіту. Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, логикалық ойлауын дамыту, ой өрісін кеңейту. Ұйымшылдыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер көрсетілді. «Жетістік жолын» анықтап, берілген тапсырмаларды толық орындап шықты. Арнайы алынған бағалау критерийлері бар өзін-өзі бағалау парағына өз білімдерін бағалады. Жұппен жұмыста көп таңбалы сандарды қосу, азайту, көбейту, бөлуге арналған өрнектер шығарды. Сергіту сәтінде жүздікпен мыңға дейін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде санап шықты. Сыни тұрғыдан ойлауда топпен жұмыс жасалды. Берілген суреттермен есеп құрастырып, шығарды, постер қорғады. Ауызша есептеуде текшемен жұмыс жасалды. Сабаққа белсене қатысқан оқушылар аталды.
Кері байланыс болды. Сабақ соңында «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» тақырыбында рефлексия жасалды. Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне , ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағына апарып ілді. Сабақ соңында оқушылар смайликтермен бағаланды.