Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік Кеңесінің отырысы
2017 жылдың 10 сәуірінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста балалар мен жеткіншектер арасында аутодеструктивті қылықтарды алдын-алу, 5-10 сыныптарда «Айқын» білім сапасының мониторингісін өткізу нәтижелері талданды. Сонымен қатар «Қаржылық сауаттылық күні», «Бір аймақ-бір кітап» акцияларын өткізу бойынша, инклюзивтік тәжірибе жағдайында оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар қаралды.