Желтоқсан айында Қарқаралы ауданының 3 мектебі мен білім бөлімі аймақтық танымдық «Bilimal» жобасына енді. Осыған орай, 18-19 желтоқсан күндерінде Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ЖШС «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» компаниясымен бірге Қарқаралы ауданының Көктас орта мектебінің негізінде оқыту семинарын жүргізді.
Семинарға жобаға енген 3 мектептің директорлары, оқу ісі жөніндегі директор орынбасарлары, инженерлер және білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Семинарда автоматтандырылған басқару жүйесінің ұсынатын кешенді шешімдері көрсетіліп, білім сапасын жақсарту мақсатында оқу үрдісінде қолданылатын функционалдардың маңыздылығына баса назар аударылды.
Семинар барысында жүйені әдістемелік тұрғыдан қолданылуы көрсетіліп, техникалық сүйемелдеуі туралы сөз қозғалды.
Жалпы, семинарды қорытындылай келе, қатысушылар өздерінің аталмыш жүйеге қызығушылықтарын айта кете, алдағы уақытта жұмыс істеуге даярлығын білдірді.