ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
12-04-2017 12:12
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

     2017 жылдың 11-12 сәуірінде «Инклюзивті балабақша –инклюзивті мектеп – инклюзивті колледж»  республикалық  жоба  аясында  №27  ЖББОМ  КММ  жанындағы  инклюзивті  білім  берудің  облыстық  Ресурстық  орталығы базасында «Негізгі және жоғары мектепте сараланған білім беру ортасының мазмұнын жобалау»  семинар – тренингі  өткізілді.

     Семинар  барысында  деңгейлік  тәсілдеме  арқылы  оқушылардың негізгі  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  және  дамыту  мәселелері,  сонымен қатар  инклюзивті  тәжірибе  жағдайында  пәндік  нәтижелерге  қойылатын талаптар  мен  диагностикалық  бақылау  мәселелері  қарастырылды.

      Семинардың жұмысына Қарағанды облысының тағылымгерлік алаңдары  мен  магнитті  мектептерінен  барлығы 87 педагог қатысты.