«Ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі»
18-04-2017 05:37
«Ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі»

       2017 жылдың 18 сәуірінде Қарағанды қаласының «С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі» КММ-нде«Ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.

      Семинарға Қарағанды облысы бойынша үштілді білім беруді енгізу үшін жасақталған тәжірибелік алаңдар мен пилоттық ұйымдардан келген 49 мектеп директорлары мен педагогтері: Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты, «№1 білім – инновация лицейі», Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Саран қалаларының, Абай ауданының білім ұйымдары өкілдері қатысты.

      Семинарға қатысушылар шеберлік сыныптары мен практикалық жаттығулар кезінде сабақта және сабақтан тыс  жұмыстар барысында үштілді білім беру элементтерін қолдану тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.