«Нашаның және оны қолданудың зияны туралы» тақырыпта 9-11 сынып оқушылары, кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері үшін интерактивті сабақ өткізілді.
19-04-2017 10:04
«Нашаның және оны қолданудың зияны туралы» тақырыпта 9-11 сынып оқушылары, кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері  үшін интерактивті сабақ өткізілді.

          2017 жылғы 19 сәуірде Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында Қарағанды облысы ішкі істер Департаменті нашақорлықпен күрес басқармасының ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жасөспірімдік нашақорлықтың алдын алуға байланысты «Нашаның және оны қолданудың зияны туралы» тақырыпта 9-11 сынып оқушылары, кәсіби және техникалық білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері  үшін интерактивті сабақ өткізілді.

        Сабаққа ҚО ІІД нашақорлықпен күрес  басқармасының  аға жедел уәкілі, полиция майоры Аяжанова С.О.;Облыстық наркологиялық диспансердің дәрігер-наркологі  Шихатова Е. Е. қатысты.