«Бейнелі карта» жобасының интерактивті мүмкіндіктері
21-04-2017 07:28
«Бейнелі карта» жобасының интерактивті мүмкіндіктері

      2017 жылдың 21 сәуірінде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Саран қаласының №4 ЖББОМ базасында «Бейнелі карта» жобасын жүзеге асыруда «АКТ аясында география сабақтарындағы функционалдық сауаттылықтың дидактикалық негіздері» тақырыбында облыстық семинар өткізді. «Бейнелі карта» жобасында Саран қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинеті сабақ үрдісінде және сабақтан тыс уақытта тәжірибеде базалық ептілік пен дағдыларды интерактивті режимде қолдануға мүмкіндік беретін тиімді жұмыстың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

      Саран қаласының мұғалімдері Кривошея Т.В., (№13 ЖББОМ), Аймышова Р.Б., (№14 ЖББОМ), Искакова Д.К. (№13 ЖББОМ), Степанова Е.Н., Аубатирова Ж.А. (№14 ЖББОМ) панорамалық сабақ көрсетті:

    Гляненко Ю.В., Гляненко Т.В., Денисовская И.С. №14 ЖББОМ география пәнінің мұғалімдері тренинг және коучинг өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

    Семинарға Теміртау, Қарағанды, Саран, Шахтинск қалалары мен Абай, Бұқаржырау аудандарынан барлығы 24 мұғалім қатысты.